Среда, 26.07.2017, 04:29
Приветствую Вас Гость | RSS

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ  ОБРАЗОВАНИЯ  города Астаны

Меню сайта
Категории раздела
Объявления [39]
Объявления
Наш опрос
Если Вам представится возможность обучения на дистанционных курсах, выберете ли такую форму обучения
Всего ответов: 116
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2010 » Декабрь » 22 » «Тәуелсіз елдің ұланы» - сұлтандар сайысы
13:02
«Тәуелсіз елдің ұланы» - сұлтандар сайысы
«Тәуелсіз елдің ұланы» - сұлтандар сайысы
 
     Елінің азаттығы үшін күрескен, өздерінен кейінгі ұрпаққа баға жетпес тәуелсіздік қуанышын сыйлаған апа-ағаларымыздың рухына бас ию, жандарын құрбан еткен ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа паш ету, үлгі тұту біздің әрқайсысымыздың адамзаттық парызымыз.
      Бұл күндері сол апа-ағаларымыздың қайсарлығы мен намысқойлығының, өжеттігі мен отансүйгіш қасиеттерінің арқасында Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығы қоғамдық ұйымдар мен мекемелерде, мәдениет ошақтарында, жоғарғы оқу орындарында, мектептер мен балабақшаларда кең көлемде атап өтілуде.
      Астана қаласындағы №7 «Аққу» балабақшасының ұжымында өткен «Тәуелсіз елдің ұланы» атты ертеңгілік – елім деп еміренген, жерім деп жырлаған ақындарымыздың, азаттық деп жан қиған аға-апаларымыздың бізге алып берген тәуелсіздігінің ары қарайғы болатын ұландарына мәдени ұлағатты тәрбие беру мақсатындағы әдеби-музыкалық сұлтандар сайысы түрінде өткізілді. Ойлап қарасақ қазіргі 5-6 жастағы бүлдіршіндер апа-ағаларымыздың немере, шөбересі болып келетін ұрпақтары екен.
    Ей, жігіттер!
    Сендерге артар міндет көп,
    Көтер биік, ата салтын құрметтеп
    Ақтай білсін ата - баба ұмітін
   Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп, - деп бастаған сайыс жүргізушісі, балабақша этнографы Рысбек Гаухар сұлтандар сайысының бағдарламасымен таныстырды:
    1. Өзін таныстыру
    2. Мәнерлеп оқу
    3. Сұрақ – жауап бөлімі
    4. Өнер сайысы
    5. күш сынасу
    6. Үй тапсырмасын қорғау
    Тәрбиешілер Үміт Сабитқызы, Жақсылық Өміртайқызы мен музыка жетекшісі Андабаева Жанар Төлешқызы дайындаған, балабақша әдіскері Смағұлова Майра Төлегенқызының сұлтандарға жан ашырлығы мен қолдауы арқасында ертеңгі еліміздің ер жүрек қыран балаларымыз әр сайыста бірінен бірі өтіп өз өнерлерін паш еткен болатын.
    Олардың мәнерлеп оқыған өлеңдері мен ырғағына салып айтқан әндері, бұрала билеген билері мен қазақтың салт-дәстүрлері бойынша қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берулері, әдет-ғұрпымыздың негізінде жасалған үй жұмыстары келген қонақтар мен ата-аналарды толқытпай қоймады.
    Сайыстың бас жүлдесіне ие болған, «Қыран» тобының намысын қорғауға шыққан Жандос Ерланұлының М.Шахановтың «Желтоқсан желі» өлеңін мәнерлеп оқығаны:
     Мұз жастанып азаттықтың жолында,
     Тәуелсіздік туы тұрды қолымда.
     Жеңіп шықтым, бас имедім қасарып,
     Сойыл таяқ ойнасада жанымда.
     Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
     Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
     Күйінішпен ауырады жүрегім,
     Естігенде желтоқсанның ызғарын.
     Желтоқсан-ау,
     Ұмытылмайсың жүректен,
     Ұрпақ өссе айналатын тіректен,
     Егемендік тиді бүгін еңсеме.
    Желтоқсаным жеткізді ақ тілекке, - деп нақыштаса, өзінің үй тапсырмасында Қазақстан Республикасының рәміздерін бейне роликпен және тақпағымен жетелей отырып айтып берді. Өзге де қырандай қырағы ұландарымыздың өнерлері әр қайсымыздың жүрегімізді қозғап, елжіретті.
     Көктем қызғалдақтарындай құлпырып өсіп келе жатқан бүгінгі тәуелсіз еліміздің балғын бөбектерінің тамаша өнерін көріп, бақытты үндерін естігенде кеудеңді бір қуаныш сезімі билеп, кешегі Ләззат, Қайрат сияқты т.б. жүздеген батыр да батыл, ержүрек те өжет ағаларымыз бен апаларымыздың еңбегінің еш кетпегенінің куәсі боласыз.
     Астана қаласындағы №7 «Аққу» балабақшасында өткен бүгінгі сұлтандарымыздың бәріде тамаша өнер көрсетті, соларды әділ бағалаған әділ қазылар мүшелері сұлтандарды ер жігітке сай номинациалы дипломдармен және жеке автопортреттерімен, ойыншықтармен меңгеруші Шакара Исламбекқызы мен әдіскер Майра Төлегенқызы марапаттады. Сонымен қатар ұлдарымен қатар дайындалып жүрген ата-аналары мен ата-әжелеріне балабақша ұжымы атынан алғыс хат тапсырылды.
    Бұл олардың ертенгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана, әр қашанда сыналған шақта, сүрінбей өтіп, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз, өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!
Просмотров: 3792 | Добавил: Анжела | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Block title
Block content
Корзина
Друзья сайта
  • Ручная ковка 
  • Мир развлечений
  • Лучшие сайты Рунета
  •