Среда, 20.09.2017, 06:21
Приветствую Вас Гость | RSS

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ  ОБРАЗОВАНИЯ  города Астаны

Меню сайта
Категории раздела
Объявления [39]
Объявления
Наш опрос
В какой из предложенных форм Вы предпочли бы повысить свою квалификацию?
Всего ответов: 128
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2011 » Октябрь » 17 » Республикалық байқауын өткізу туралы Ереже
18:57
Республикалық байқауын өткізу туралы Ереже
Бекітемін
Білім беру жүйесінің басшы және
ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін
арттыратын республикалық институт директоры
Г.К.Ахметова «___»____________2011 ж.
 
«Үздік білім беру менеджері» бағамы бойынша «Білім ұясы-3»
республикалық байқауын өткізу туралы Ереже
 
1. Жалпы ереже
 
1. «Үздік білім беру менеджері» бағамы бойынша «Білім ұясы-3» республикалық байқауы (ары қарай - байқау) шығармашылықта жұмыс жасайтын білім беру ұйымдары басшыларын анықтау мен олардың кәсіби деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
2. Байқау келесі бағамдар бойынша өтеді:
1. Облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының үздік менеджері.
2. Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің үздік менеджері.
3. Жалпы орта білім беру ұйымдарының үздік менеджері.
3. Байқаудың міндеттері:
1. Басшының білім беру жүйесіндегі әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру, оның білім беру жүйесін дамытудағы жеке үлесін көпшілік алдында мәртебелеу.
2. Білім беру ұйымдары басшыларын қолдау және көтермелеу, олардың кәсіби құзырлылықтарының артуына ықпал ету.
3. Білім беру жүйесіндегі басқарудың үздік тәжірибесін тарату.
 
2. Үміткерлерді ұсыну тәртібі
 
4. Республикалық байқауға облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының бастықтары, облыстық (қалалық) «Үздік білім беру менеджері» байқауында жүлделі орын алған аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, жалпы білім беретін мектеп директорлары, әр облыстан және Астана, Алматы қаласынан 3 үміткер қатыса алады.
5. Байқауға қатысушылардың барлық материалдары қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, электронды, қағаз түрінде қабылданады. Байқауға ұсынылған материалдарға пікір жазылмайды және олар кері қайтарылмайды.
 
3. Байқауды өткізу тәртібі
 
6. Байқау 2 кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері мен жалпы білім беретін мектеп директорлары үшін облыстық (күндізгі), республикалық (сырттай), ал облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының бастықтары үшін республикалық байқау сырттай өткізіледі.
7. Байқауды өткізу үшін жоғарыда аталған кезеңдерде ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы құрылады. Байқаудың облыстық кезеңі нәтижелерінің құжаттарын облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының бастығының бекітуімен Республикалық байқаудың ұйымдастыру комитетіне ұсынылады. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары бастықтарының республикалық байқауға қатысу үшін құжаттарын облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармасының Коллегиясы ұсынады.
8. Білім басқармасы облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының бастықтары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, жалпы білім беретін мектеп директорларының республикалық байқауға қатысу үшін республикалық ұйымдастыру комитетіне, 2011 жылдың 25 қазанына дейін, мына құжаттарды жібереді:
1. Байқауға қатысуға үміткер ұсынылған білім беру ұйымының ұйғарымы.
2. Инновациялық қызметті, жаңашылдық, шығармашылық ынтасы, білім беру ұйымын ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері мен қосымша материалдарды (осы білім ұйымындағы менеджерлік қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін көрсететін сызбасын, кестелер, бейнематериалдар) қамтитын тәжірибеде қолданылып жатқан білім беру ұйымын басқарудың үлгісі.
3. Менеджердің кәсіби құзырлығын дамытудың ғылыми-әдістемелік тетігіне негізделген білім ұйымы менеджерінің үлгісі. Жобаның көлемі 10-15 парақтан аспауы қажет, шрифті Times New Roman, өлшемі 14.
4. Облыстық ұйымдастыру комитеті бекіткен сұраныс-сауалнамасы.
5. Электронды және қағаз баламасында 4Х6 түрлі-түсті портреті және басқарушылық қызмет үдерісі жайлы жанрлық А4 түрлі-түсті фотосурет.
9. Түскен материалдар сараптау комиссиясының тиісті отырыстарында талдаудан өтеді.
10. Байқау 2 кезеңде өтеді: облыстық (күндізгі), республикалық (сырттай).
11. Облыстық (күндізгі) байқау төмендегі бағытта өтеді:
1. Үміткердің өз-өзін таныстыруы, оның формасы түрлі болуы мүмкін: өз-өзін таныстыру, жариялама, суреттеме, бейнефильм, мультимедиялық жоба және т.б. (10-12 минут).
2. Білім беру ұйымы менеджерінің кәсіби құзырлығын анықтайтын компьютерлік тестілеу.
3. Білім беру ұйымын басқару үлгісі және менеджер үлгісінің тұсаукесері.
12. Республикалық (сырттай) байқауының қорытындысы бойынша:
1. Білім беру ұйымын басқару үлгілері және менеджердің үздік үлгілері іріктеледі.
2. Әр бағамдар бойынша жеңімпаздар анықталады.
3. Республикалық байқау нәтижелері қорытындыланып, 2011 жылдың желтоқсанында Астана қаласында өтетін марапаттаудың салтанатты шеруіне ұсынылады.
 
4. Байқаудың Республикалық ұйымдастыру комитеті
 
13. Байқауды дайындап, өткізу үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады.
14. Республикалық ұйымдастыру комитеті:
1. Ұйымдастыру комитеті бекіткен бағалау көрсеткіштері негізінде ұсынылған жұмыстарды қарау үшін сараптау комиссиясын (мұнан былай комиссия) құрады. Комиссияның жұмыс тәртібін бекітеді. Комиссия құрамына кіруі мүмкін: ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, білім беру жүйесінің менеджмент кафедраларының оқытушылары және үлкен тәжірибесі бар басшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
2. Республикалық қазылар алқасы құрамын қалыптастырады.
3. Байқаудың өткізілу тәртібі, түрі, орны мен уақытын белгілейді.
4. Бағамдардың саны мен мазмұнын анықтайды.
5. Байқауды дайындау бойынша ұйымдастыру мен ақпараттық-жарнамалық шаралар, бейнефильмдер мен телебағдарламалар түсіреді, байқауға қатысушылардың жұмыстарын жариялайды, мәлімет қорын құрады.
6. Марапаттаудың салтанатты шеруін ұйымдастырады.
15. Республикалық ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы құрамын ББЖ КБАРИ белгілеп, бекітеді.
16. Республикалық ұйымдастыру комитеттің шешімі, оның тізімдегі құрамының жартысынан көбі оған дауыс бергенде қабылданады. Шешім төраға мен ұйымдастыру комитеттің барлық мүшелері қол қойғаннан кейін хаттамамен әзірленеді.
17. Байқаудың қаржы көзі республикалық бюджеттің қаржысы мен Қазақстан Республикасының заңы тыйым салмаған басқа түсімдер болып табылады. Республикалық ұйымдастыру комитеті демеушілік үлестер үшін қайырымдылық есеп-шотты жариялайды.
 
5. Байқаудың қазылар алқасы, байқауды қорытындылау
 
18. Байқау қорытындылары бойынша Республикалық қазылар алқасы әр бағамдар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
19. Байқаудың барлық жеңімпаздары мен лауреаттары дипломдар және сыйлықтармен марапатталады. 20. Байқау құрылтайшылары, демеушілер, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалар жеңімпаздарға өздерінің жеке сыйлықтарын тағайындай алады.
21. Байқау жеңімпаздары 2011 жылы желтоқсанда Астана қаласында өтетін «Білім ұясы» Республикалық байқаудың салтанатты шеруінде марапатталады.
 
Просмотров: 1630 | Добавил: Анжела | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Block title
Block content
Корзина
Друзья сайта
  • Ручная ковка 
  • Мир развлечений
  • Лучшие сайты Рунета
  •