Суббота, 23.09.2017, 08:12
Приветствую Вас Гость | RSS

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ  ОБРАЗОВАНИЯ  города Астаны

Меню сайта
Категории раздела
Объявления [39]
Объявления
Наш опрос
Если Вам представится возможность обучения на дистанционных курсах, выберете ли такую форму обучения
Всего ответов: 117
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2011 » Январь » 24 » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР
14:17
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР
Астана қаласы ББЖ КБА ҚДИ 2011 жылдың 21 қаңтар мен 22 ақпан аралығында техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру: сапалы көрсеткіштер» тақырыбына қалалық педагогикалық оқу өткізеді.
 
Техникалық және кәсіби білім беру қызметкерлеріне арналған
«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру:
сапалы көрсеткіштер» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқудың ұйымдастырылуы
мен өткізілуі туралы
 
Кәсіби білім беру жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруді жаңартуға көмек көрсету және техникалық қызмет ету еңбегі саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, олардың білім сапасын көтеру мақсатымен БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (Л.А.Саинова) 21.01.11ж. – 22.02.11ж. аралығында «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру: сапалы көрсеткіштер» тақырыбында қалалық педагогикалық оқуды өткізсін.
2. Бекіту:
- педагогикалық оқудың өткізілуі туралы ережесі (1 қосымша);
- ұйымдастыру комитетінің құрамы ( 2 қосымша).
3. Техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің басшылары белгіленген мерзім ішінде педагогикалық оқуға қатысушыларды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Білім басқармасы бастығының орынбасары Р.Иманғазиноваға жүктелсін.
 
                                                                       Бастық                        Ә. Бимендина
 
Орын.: И.Ковтун тел. 38-02-59
 
                                                                                                                         Білім басқармасының бұйрығына 1 қосымша
                                                                                                                         «____» _____ 2011жыл. №______
 
Техникалық және кәсіби білім беретін қызметкерлерге арналған
«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын
іске асыру: сапалы көрсеткіштер» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқудың
ЕРЕЖЕСІ
 
1. Жалпы ереже
1.1. Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне арналған педагогикалық оқу кәсіби білім беру жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беруді жаңартуға көмек көрсету, техникалық және қызмет көрсету еңбегі саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау,олардың білім сапасын көтеру мақсатында өткізіледі.
1.2. Педагогикалық оқудың ұйымдастырушылары: Астана қалалық Білім басқармасы және Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру аумағындағы позитивті тәжірибені ұсыну және талдауға бағыт-бағдар беру, жаңартуға көмектесу және тарату.
Міндеттері:
- техникалық және кәсіптік білім берудің қазіргі деңгейін, құрылымын (басқарушы, педагогикалық,т.б.) және шарттарының қамтамасыз етілуін анықтау.
- техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің озық тәжірибелерін, шығармашылықтарын өздігінен таратуына, насихаттауына жағдай жасау;
- өз қалауымен мәтіндерді көркемдеуге және мәдени дағдыларын дамытуға жағдай жасау;
- әріптестерімен әдістемелік және шығармашылық байланыстарын кеңейтуге және бірлесіп әрекет етуге ынталандыру.
 
2. Ұйымдастыру комитеті және сараптау комиссиясы
2.1. Педагогикалық оқуды дайындап өткізу үшін ББЖ КБА ҚДИ қызметкерлері құрамынан тұратын ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетеді: - педагогикалық оқудың ұйымдастырылуын жүзеге асырады және өткізілу мерзімін анықтайды; - педагогикалық оқуға ұсынылған материалдардың көркемделу, жазылу талаптарын анықтайды; - қазылар алқасы жеңімпаздар мен номинанттарды анықтайды.
2.2. Ұсынылған материалдарды критерийлер бойынша бағалау үшін сараптау комиссиясы құрылады.
2.3. Сараптау комиссиясының мүшелеріне Білім басқармасының, ББж КБА ҚДИ-ның қызметкерлері және ТжКББ ұйымдары директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.
 
3. Педагогикалық оқуға қатысушылар
3.1. Педагогикалық оқуға еңбек өтілі 5 жылдан кем емес техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, әдіскерлері, бөлім меңгерушілері қатыса алады (жасына, біліктілігіне шектеу қойылмайды).
3.2. Жұмысты бір автор ғана орындауы тиіс.
3.3. Білім беру ұйымы педоқуға қатысуға екіден көп кандидатура ұсына алмайды.
 
4. Ұсынылатын жұмыстардың тәртібі
4.1. Оқуға қатысқысы келетіндер 2011 жылдың 11 ақпанына дейін pedshtenie_astana@mail.ru. поштаға мынадай құжаттарды жіберуі қажет: - педоқуға қатысу үшін сұраныс; - 3*4 фото; - ұсынатын жұмысының электронды нұсқасы; - ұсынылған жұмысқа білім беру ұйымының басшысы куәландырған әдіскердің жазған пікірі болуы керек.
4.2. Талаптарға сай жазылмаған жұмыстар мен 10.02.11ж. жай түскен жұмыстар қабылданбайды, қаралмайды.
4.3. 11.02.11ж. ББЖ КБА ҚДИ-ның сайтында http://ipk.ucoz.kz педагогикалық оқуға қатысушылардың толық тізімі жарияланады.
4.4. Педоқу екі кезеңде өткізіледі: - сырттай кезең – конкурстық іріктеу, 14.02.11ж. мен 16.02.11ж. аралығында өткізіледі. - күндізгі кезең – публикалық оқу, өтетін күні 22.02.11ж.
4.5. Ұйымдастыру комитеті түскен материалдарды өңдеп, ББЖ КБА ҚДИ-ның сайтының http://ipk.ucoz.kz «Педагогикалық оқу» бөліміне жариялайды.
4.6. 14.02.11ж. мен 16.02.11ж. аралығында педагогикалық оқудың сырттай кезеңіне қатысушыларының жұмыстарын барлық Ғаламтор желісіндегілер қарай алады http://ipk.ucoz.kz сайтында ашық дауыс беру басталады. Кез келген қатысушы сайттан өзін қызықтырған жұмыспен таныса алады және ұсынылған критерийлер арқылы өзіндік пікірі мен бағасын қалдыра алады. Дауыс беру тек қана жүйелі пікірмен дәлелденген түрде қабылданады.
4.7. Сараптама бағасының және ашық дауыс берудің қорытындысымен ұйымдастыру комитеті маңызды инновациялық материалды анықтайды және педоқудың күндізгі кезеңіне қатысуға нұсқау береді.
4.8. 17.02.11ж. http://ipk.ucoz.kz сайтында педоқуға қатысушылардың және күндізге кезеңге қатысуға жіберілгендердің тізімі жарияланады.
4.9. 22.02.11ж. көпшілік алдында оқу кезеңі өткізіледі. Әр қатысушы ұсынған материалын 5-7 минут таныстырады.
4.10. Педагогикалық оқу конкурсы аясында I, II, және III дәрежедегі дипломанттар мен номинация бойынша лауреаттар анықталады:
- Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы инновациялық технологиялар.
- Әлеуметтік серіктестік – озық жетістіктің кепілі.
- Оқушылардың кәсіби құзіреттіліктерін ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыру.
 
5. Баяндамаға қойылатын талаптар
5.1. Педоқуға ұсынылатын баяндама мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
- ҚР ТжКББ ұйымдарын алдында тұрған маңызды мәселелерді көрсетуі тиіс;
- Техникалық және кәсіби білім беру мекемесі алдындағы міндеттерді теориялық деңгейде ашуы және автордың дұрыс түсінікте болуын міндеттейді;
- Ұжымның және оқытушының жұмыс тәжірибесін көрсете алуы қажет;
- Жұмысты көрсетуде нақты дәлелдердің болуы шарт және оған талдау жасалынуы қажет;
- Техникалық және кәсіптік білім беру тәжірибесінде ұсынылған материалдың бағалылығы қорытынды пікірлермен және нұсқаулармен сүйеселденуі керек.
5.2. Баяндама толтыру үлгісін сақтамаса конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
5.3. Баяндама мынадай талаптар арқылы дайындалады:
- баяндама компьютерде теріледі Microsoft Office World (шрифт 14, аралық интервал – 0,5, сол жақтан – 3 см, оң жақтан – 1,5 см, жоғарыдан және төменнен– 2 см, сілтеме мәтін ішінде жасалынады, сыртқы бетінің шрифті – 16);
- баяндама құрылымы: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды (түйін),қосымша;
- көлемі 5 беттен аспауы керек; - пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі;
- пікір сканерленіп қоса беріледі;
- қажет жағдайда баяндамаға қосымша материалдар ұсынуға болады: пікірлер, видео және аудио файлдар, иллюстрациялар;
- сыртқы бетінде педагогикалық оқуды ұйымдастырушы жөніндегі нұсқаулық көрсетілуі керек (жоғарғы екі жол), педагогикалық оқудың толық атауы, тақырыбы, орындаушы (аты-жөні, тегі, әкесінің аты, жұмыс орны, қызметі, құрметті атағы).
5.4. Конкурсқа ұсынылған материалдарға рецензия берілмейді және кері қайтарылмайды.
 
6. Байқау қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
6.2. Көпшілік алдында оқу кезеңінен өткендер алған орындарына қарай І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
6.3. Номинацияларға ие болған қатысушылар грамоталармен марапатталады.
6.4. Қатысушылардың материалдары жинаққа енгізіледі.
6.5. Барлық қатысушылардың материалдары «Техникалық және кәсіби білім берудегі инновациялық тәжірибе» ақпараттық банкіне жинақталады.
 
Қосымша


«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру:
сапалы көрсеткіштер» тақырыбындағы педагогикалық оқуға қатысушыға арналған
Сұраныс- сауалнама

Тегі,аты,әкесінің аты _______________________________________________
Жұмыстың тақырыбы ______________________________________________
Жұмыс орны. Осы білім беру мекемесінде қай уақыттан бері жұмыс жасайсыз?___________________________________________________________________
Сіздің қызметіңіз (сіз оқытатын пән) _________________________________
Сіздің атағыңыз, марапаттарыңыз, категорияңыз_____________________
Сіздің педагогикалық өтіліңіз_________________________________________
Өзіңіздің білім негізіңіз жөнінде және кәсіби дайындығыңыз туралы қысқаша айтсаңыз
(Қай жылы, қандай ЖОО бітірдіңіз, қашан және қандай
курстан өттіңі_______________________________________________________
 
Қатысқаныңызға рахмет!
Педагогикалық оқуда жеңіске жетуіңізге тілектеспіз!
 
Күні
 
Қолы
Просмотров: 8214 | Добавил: Анжела | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Январь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Block title
Block content
Корзина
Друзья сайта
  • Ручная ковка 
  • Мир развлечений
  • Лучшие сайты Рунета
  •