Вторник, 25.07.2017, 22:44
Приветствую Вас Гость | RSS

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ  ОБРАЗОВАНИЯ  города Астаны

Меню сайта
Категории раздела
Объявления [39]
Объявления
Наш опрос
В чем, по Вашему мнению, состоит основная трудность современного образования
Всего ответов: 102
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2011 » Июнь » 14 » «БІЛІМ БЕРУДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ» КӨРМЕСІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
18:53
«БІЛІМ БЕРУДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ» КӨРМЕСІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Өткізілу орны: Астана қаласы, Конгресс- Холл
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы Білім басқармасы, Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, Астана қалалық білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымы.
Өткізу мерзімі: 2011 жыл, тамыз
 
1. Жалпы ереже
«Астананың білім кеңістігі» атты көрме Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне орай «Әділет» кәсіподақ ұйымымен бірлесе өткізеді. Бұл көрмеде астаналық білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу және білім беру ұйымдарының тәжірибе алмасуындағы ең үздік жобалардың тұсаукесері болады.
Мақсаты: Астаналық білім кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу және білім беру ұйымдарының жетістіктерін қорыту және көрсету.
Көрмені өткізуде озық тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесі мынадай маңызды мәселелерді шешуді жоспарлайды:
- Астана қаласы тұрғындарының сапалы білім алуын қамтамасыз ету;
- Білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын инновациялық бағдарламаларды енгізу;
- 12 жылдық мектепті басқаруда менеджментті енгізу;
- Әрбір білім алушыға жеке психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
- Білікті педагог кадрлардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру;
- Кәсіптік – техникалық білім беруде жаңа технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;
- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру;
- Балаларға қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту.
 
Күтілетін нәтиже: Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында жұмыс тәжірибелерінің тұсау кесері.
 
2. Экспозицияның мазмұны:
− Модуль 1. Тәуелсіздіктің жиырмасыншы шыңы. Астана қаласы білімінің тарихынан.
− Модуль 2. Педагог мəртебесі.
− Модуль 3. Біз - еліміздің зияткерлік болашағымыз!
− Модуль 4. Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі.
− Модуль 5. 12 жылдық мектеп басшысының кәсіби құзырлылығы.
− Модуль 6. Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру: қоғамдағы педагогикалық және психологиялық қарым-қатынас.
− Модуль 7. «Балапан» бағадарламасы: балалардың негізгі құзыреттілігін қалытастыру.
− Модуль 8. Көптілділік білім – рухани тұлға негізі.
− Модуль 9. Қосымша білім беру: бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның шығармашылық құзіреттілігі .
− Модуль 10. Кәсіби білім – экономиканы инновациялық дамытуға.
− Модуль 11. Инклюзивті білімнің қажеттілігі мен перспективасы.
− Модуль 12. Астана қаласында математикалық білім берудің жағдайы мен даму перспективасы.
 
3. Көрмеге қатысушылар:
Көрмеге экспозиция мазмұнына сай қызметкерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары, білім мекемелерінің педагогтары ерікті түрде қатыса алады.
Көрмеге қатысушылар:
- көрмеге жобаларын ұсынуға сұраныс;
- жоба материалдарының тезистік үлгісі.
Тезисте жобаның тақырыбы, негізгі идеясы, өзектілігі, жаңашылдығы, практикалық мәні, нәтижесі ашылуы керек. Жоба көлемі 1х2,5 метр стендте баннер үлгісінде және ойын бөлмелері, студия, т.б. ұсынылуы тиіс. Көрмеге ұсынылған материалдар электрондық оқулықтар мен құралдардың, электрондық немесе видео презентация бағдарламасымен сүйемелденуі керек.
 
4. Ұйымдастыру және өткізу
Көрмені ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның міндетіне көрмеге қатысушылар мен ұйымдастырушылардың іс-әрекеті кіреді. Ұйымдастыру комитеті көрменің орнын, қойылу ретін, түрін және өткізілу күнін анықтайды. Көрмеге ұсынылған экспозицияға ұсынылған сұраныстар мен тезистерді қарап, жобаларды таңдау үшін сараптамалық кеңес құрылады.
Көрме жобасын дайындау екі кезеңде өтеді:
- дайындық кезеңі: 2011 жылдың 1- 30 маусым аралығы.
- қорытынды кезең: 2011 жылдың 4 – 25 тамыз аралығы.
 
5. Қорытындысын шығару
Жобалардың экспозициясы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің жұмысы кезінде көрмеге ұсынылады. Көрмеге қатысқандарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар беріледі.
Просмотров: 1240 | Добавил: Анжела | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
Фууууууууууууууууууууууу! Отстой!!!!!!!!!!!

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Июнь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Block title
Block content
Корзина
Друзья сайта
  • Ручная ковка 
  • Мир развлечений
  • Лучшие сайты Рунета
  •