Воскресенье, 28.05.2017, 07:06
Приветствую Вас Гость | RSS

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ  ОБРАЗОВАНИЯ  города Астаны

Меню сайта
Категории раздела
Объявления [39]
Объявления
Наш опрос
Какое качество личности учителя кажется Вам наиболее ценным?
Всего ответов: 105
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Кабинет 12-летнего образования

Кабинет құрамы:
 
 
Кабинет меңгерушісі:
 
Дюсембинова Бақыт Серікқызы
 
Әдіскерлер:
 
Дюсебаева Мира Жолманқызы
Тлемисова Лаура Абатқызы
Ахметжанова Гүлнар Габдушевна
Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы
Евдошенко Анжела Александровна
 
 
Кабинеттің жыл ішінде жұмыс жасаған тақырыбы:
 
«12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагог кадрлардың біліктілігін арттыру»
 
Мақсаты:
 
педагог кадрларды қайта даярлау, педагогикалық үрдістің әдістемелік дағдыларын меңгерту, бiлiм беру мазмұны сабақтастығын қамтамасыз ету.
 
Міндеттері:
  1. Тыңдаушыларды 12 жылдық білім беруге көшудің негізгі бағыттарымен таныстыру. 
  2. 12 жылдық мектепте оқыту мен тәрбиелеуді басқарудың моделімен таныстыра отырып, олардағы білім сапасын арттырудың жолдарын қарастыру. 
  3. Оқу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, жаңа техналогияларымен, жаңа формаларымен таныстыру. 
  4. 12 жылдық білім беруге көшу кабинеті баспа орталығына талдау және әдістемелік материалдар (мақала, әдістемелік қолданбалар, ұсыныстар) дайындайды. 
  5. 12 жылдық білім беруге көшу кабинеті қызметкерлері эксперимент жүргізуші мұғалімдерге жеке әдістемелік және дидактикалық материалдармен қамту мәселесі бойынша мұғалімдердің шығармашылық топтарымен жұмыс жүргізеді.
Оқу -әдістемелік жұмыс
 
Көктемгі демалыс кезінде «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы бастауыш мектеп» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курстар ұйымдастырылып, онда 33 мұғалім білімін жетілдірді. Пән мұғалімдеріне арналған «12 жылдық мектеп педагогі-зерттеуші», «Технология пәні арқылы оқушыны ұлттық мәдениетке баулу», «Оқытудың интерактивтік жүйесін қолдану. AKTIV Word – интерактивті тақта», «Компьютерлік сызба және анимация. 3DS MAX» «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік жүйесі» атты курстар ұйымдастырылды. Осы курстарда барлығы 104 мұғалім білімін жетілдірді. Курстардың сапасы мен тиімділігі сауалнама, тестілеу, мониторингтер негізінде диагностикалық әдістер көмегімен зерттелді. Тыңдаушылардың оқу курстарының мазмұнымен қанағаттану деңгейі орта есеппен 89 %.
 
Ғылыми -әдістемелік жұмыстар
 
Астана қаласы бойынша 8 мектепте 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу эксперименті жүргізілуде. Олар: №3,№4,32 МГ,.№16,№18 ОМ,№35,38 МЛ және «Көгілдір желкен» мектептері. Жылына екі рет эксперимент жұмыстарының мониторингі жасалады. Экспеименттегі мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесі институттың Ғылыми кеңесінде қаралып, қала көлемінде таратылуда. 12 жылдық мектептің оқу бағдарламаларын талдап, ұсыныстар жасалды, сонымен қатар, 12 жылдық мектептің байқау оқулықтарының сапасынын талдап мотиторингі жасалып, «Оқулық»Орталығына тапсырылды.